Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жариялаған ел дамуының басты бағыттарын айқындап берді. Іс-қимыл жоспарының алтыншы тармағында денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша жеке тапсырмалар берілгені қуантады.

Ия, шынымен де, пандемия кезіндегі дағдарыс бізді дәрігерлердің еңбегін бағалауға үйретті. Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне екінші жартыжылдыққа ынталандыру үстемеақыларын төлеуге 150 млрд теңге бөлуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейін, Үкімет қазақстандық дәрігерлерге төленетін төлем мөлшерін бекітті. Қаулыға сәйкес, жалақыға үстемеақы сомасы 212-ден 850 мың теңгеге дейін құрайды.

Осы жылдың наурыздан шілде айына дейін Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 10 069 медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша 2 065 649 894 теңге қаржы төледі.

Ең үлкен соманы (855 389 786 теңге) 1-тәуекел тобының 2 009 қызметкері алды: провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта медицина қызметкерлері және т. б.

Тамыз айына болжанып отырған үстемеақы сомасы 2 299 медицина қызметкеріне 515 237 258 теңгені құрайды.

1 тәуекел тобы – 204 147 559 теңге 533 медицина қызметкерлеріне,

2 тәуекел тобы – 208 151 428 мың теңге 931 медицина қызметкерлеріне,

3 тәуекел тобы – 102 938 271 мың теңге 835 медицина қызметкерлеріне

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы орташа жалақыдан екі есе жоғары болатыны қуантады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы отандық фармацевтика саласын дамыту, жаңа жұқпалы аурулар ауруханаларын, көпсалалы денсаулық сақтау нысандарын салу, көлік медицинасын жаңғырту, қажетті медициналық жабдықтармен жабдықтау, кадрлармен қамтамасыз ету және т. б. мәселелерге ерекше назар аударды.

Мұның бәрі, әрине, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және қолдауға, сондай – ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты міндетіне – медициналық қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттің, жұмыс берушілердің және әр адамның ортақ жауапкершілігіне қол жеткізуге қызмет етуі тиіс.

Бақыт ИСМАХАНБЕТОВ,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры

Тағы да оқыңыз: