Kyzylorda-news.kz. “Nur Otan”партиясының кезектен тыс XX съезіне делегат ретінде қатыстым. Онда партияның сайлауалды бағдарламасын бекіттік.

Айта кету керек, “Nur Otan” партиясы маңызды құжатты әзірлеу кезінде үлкен жауапкершілікпен қарап, халықтың көптеген топтарының мүдделерін ескерді.

Мұнда білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салаларды дамыту мәселелері бар. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің дамуына ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы Қазақстан бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасалған барынша дамыған елдер тобына кіруі тиіс екенін атап өтті. Сондықтан бизнеске кез келген заңсыз кедергі жасау ауыр қылмыс ретінде қарастырылады.

Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі. 2025 жылға қарай ауылда 50 мың азамат өз бизнесін ашу үшін шағын несиелер алады.

Мемлекет тарапынан бизнесті осындай қолдау көптеген қазақстандықтарды өз ісін ашуға шабыттандырады деген сенімдемін.

Бақдәулет Махашов,

«Жан-Арай» ЖШС-нің директоры,

съезд делгаты

Тағы да оқыңыз: