Балмұздақ жайлы қызықты 6 дерек – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Балмұздақ жайлы қызықты 6 дерек

01.01.2020, 11:00

377 0

Kyzylorda-news.kz. Балмұздақ – жылдың кез келген маусымында жеуге болатын дәмді десерттің бірі. Бізге балалық кезімізден таныс балмұздақтың «өмірбаянында» бірнеше таңғаларлық факт бар.

Балмұздақ біздің заманымыздың I ғасырында пайда болған

Алайда, ол қазіргі біз білетін балмұздаққа ұқсамайтын. Римдік император Нерон қар әкелу үшін қызметшілерін тауға жұмсайтын болған: содан соң қарды жемістер шырынымен араластырған. Ал оның қазіргі сүтті балмұздаққа ұқсайтын түрі XVII ғасырда Францияда пайда болған.

Балмұздақ ұзақ уақыт бойы таңдаулылардың десерті болған

XIX ғасырдың басына дейін балмұздақ тек қымбат мейрамханаларда ұсынылған және бай отбасыларда болған. Балмұздақ тек XIX ғасырдың ортасында жалпы сатылымға шыққан: Швециядан келген эмигрант балмұздақты Лондон көшелерінде тұрып сатады. Ол балмұздақ ерімес үшін қолдан жасалған тоңазытқыш (іші мұзбен толтырылған металл жәшік) қолданған.

Вафельді рожокты ыдысқа шығындалмас үшін ойлап тапқан

Вафельді рожок – салыстырмалы түрде заманауи өнертабыс. Оны 1904 жылы вафельді десерт сатушы Эрнест Хамви Сент-Луистағы (АҚШ) аспаздық көрмеде ойлап тапқан. Ол кезде балмұздақты ыдысқа құйып сатады, содан соң тұтынушы ыдысты қайтарып береді. Ол ыдыс жуылып, келесі адамға балмұздақ құйылып берілетін. Көрме кезінде күн қатты ыстық болғандықтан, балмұздақ алушылар өте көп болады. Адамдар ыдыстардың босағанын ұзақ күтеді. Оны байқаған Эрнест Хамви балмұздақ дайындаушыларға жіңішке вафляны орап, ыдыс жасап береді. Содан соң вафельді рожоктар тек АҚШ-та емес, бүкіл әлемге кеңінен тарап кетеді.

Қазір балмұздақ дәмінің 1000-нан аса түрі бар

Әлем бойынша балмұздақ жасаушылар үнемі оның жаңа ерекше рецептілерін іздейді. Олар жыл сайын оның өте тәтті түрлерін ойлап табуда. Қазір балмұздақтың, тіпті, күріш, асшаян, лобстер, авокадо, ірімшік және т.б дәмі бар түрін кездестіруге болады.

Әлемде жыл сайын 15 миллиард литр балмұздақ желінеді

Бұл мөлшер 5000 олимпиадалық бассейнді толтыруға жетеді.

Ғарышкерлер балмұздақты қатты сағынады екен

Бірде NASA ғарышкерлерге «Жерден» нені сағынатынын сұрап, сауалнама жүргізеді. Космостағы ең сағынатын тамаққа пицца, газдалған сусын және балмұздақ жатқан. Ал құрғақ қатыру арқылы дайындалатын «ғарышкер балмұздағын» олар космоста ешқашан жеп көрмеген болып шықты.

Massaget.kz

0

Пікір қалдыру