Kyzylorda-news.kz. Қоғамда мемелекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамыта отырып құқықтық мемлекетті қалыптастыруда ең шешуші рөл атқаратын ол-нормативтік құқықтық актілер.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарында азаматтық хал актілерін тіркеу саласына енгізілген жаңалықтардың ең маңыздысы –азаматтық халактілерін тіркеу жүйесінің электронды форматқа көшірілуі және жеке тұлғалдар Ұлттық бірыңғай тізілімге енгізіліп, Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің қалыптасуы.

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша композитті және проактивті қызметтер енгізіліп, құжаттар пакеті 30%-ға азайды, мемлекеттік қызмет көрсеті мерзімі 3 есеге қысқарды.

Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама аясында «Е-АХАТ» электронды мұрағаты құрылды, 1937-2008 жылғы АХАЖ мұрағаты жазбалары сканерленіп ақпараттық жүйеге енгізілді. Қазіргі таңда цифрландыру-өзектендіру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет алушы әр азамат онлайн режіимінде өзі берген өтініштің орындалу барысын бақылап, олардың қанағаттану деңгейін бақылау мүмкіндігіне ие.

Қоғамдағы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп, басқару үшін нормативтік актілер үнемі үздіксіз дамып отыратындығы белгілі.

2019 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, құжат айналымын қысқарту, сондай-ақ, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің 50-ден астам баптарына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістердің маңыздылығы сол, азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызмет алуші әр азамат республиканың кез келген жерінен өтініш беру мүмкіндігі бар «Эксаумақтық қағидаты» енгізілді.

Мысалы, құжаттарын жоғалтқан жағдайда, азамат қай аймақта тұратына, туған жеріне қарамастан,кез-келген тіркеуші органға барып, қайталама туу туралы куәлігін ала алады.

Азаматтардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды (сот шешімдері, медициналық анықтамалар, Қазақстан Республикасында тіркелген актілер туралы ақпарат және т.б.) талап етілмейді.

Шетелдің тіркеуші органдарымен тіркелген баланың туу туралы мәліметттері ақпараттық жүйелер болмауына байланысты, шет мемлекетте туылған балаларға ата-анасының қалауы бойынша шетелде берілген туу туралы куәлікті ұсына отырып Қазақстанның туу туралы куәлігін рәсімдей алады.

Балалардың мүддесін қорғауда балаларға қатысты жоғарыдағы өзгерістер толыққанды мемлекеттік қызметтерді- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұру, денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу, жәрдемақы алу, қарыз жүктемесін алып тастауға мүмкіндік береді.

Г. ЕЛЕУСІЗОВА,

Қызылорда облысының Әділет департаментінің

тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз

және бақылау бөлімінің бас маманы

Тағы да оқыңыз: