Kyzylorda-news.kz.  Көпшілік ата-аналар балаларын батыр, бастамашыл, талапты болып көргісі келеді. Дегенмен, баласын қорқақ болғанына қарсы емес, бір ата-ана болса да, тауып көріңізші. Егер сіз балаңыздың қорқақ, әрдайым қорғанып жүргенін байқасаңыз, онда ешуақытта оны жөндеуге, сөгіс, қысым және сендіру арқылы тәрбиелеуге асықпаңыз. Мұнымен сіз ештеңеге де қол жеткізбейсіз.

Неліктен ол қорқақ?

Қорқақтық қорқыныштардың жиі қуатталуынан болады. Балалар үшін қорқыныштың орын алуы дұрыс-ақ. Қорқыныш балаға айналаны, қоршаған ортаны тани бастағанда пайда болады.
Ал, бір жағынан, ол өзінің мүмкіндіктерін танып біледі, еркіндікке талпынады, армандарының орындалуын қалайды, екінші жағынан, ол өзінің қауіпсіз емес екенін сезініп, сыртқы әлем, қоршаған орта оған қарағанда мықты күшке ие екенін уақыт өте келе ұғына бастайды.
Сондай-ақ, жеткіншек өзінің қорқу топтамаларын жинауы мүмкін (мысалы, иттен және пышақтан, қоңыздан және т.б.). Сондықтан бала нені көреді, біліп, таниды, үйренеді, осының барлығына оған сыни көзбен қарауды үйретіңіз.

Қорқынышты сиқырлау

Сыни пікір қорқыныштың қысқаруына едәуір елеулі үлес қосады. Мысалы, бүлдіршін құбыжықтардан қорқатын болса, онда онымен талқылауға кірісіңіз, құбыжықтар қандай болады, олардың әлсіз, осал жері бар ма? Құбыжықтар шын мәнінде де әрдайым қорқынышты ма?
Күдікті жою үшін үйреншікті, дағдыланған, жалпыға мәлім бір мысалды көрсетіп, айтылған, көрсетілген фильмдерге сене берудің қажеті жоқ екенін айтып түсіндіру қажет. Шын мәніндешынай өмірде құбыжықтардың болмайтынын, оның барлығы киноларда тек ойдан құрастырылған /фантастика/, ертегі-қиял екенін айтып түсіндіру ләзім.
Ойдан шыққан құбыжықтар сияқты баламен салт-жораларды ойлап табуға болады. Мәселен, биіктен, қараңғыдан, үлкен мәшинелерден, бейтаныс адамдардан қалай қорықпауға болады? Мысалға, ол магиялық күші бар шам бола қойсын, /свечи/ шам қорқынышты құбыжықты өртеп жіберетін, сиқырлы жағымсыз аңдарды да жағып жіберетін, қайта дұшпандарының өздерін қорқытатын сиқырлы күшке ие шам болсын. Бұл бала үшін де қызықты ойынға айналар еді. Әрі баланы психологиялық қолдауға да көмектесер еді. Мұндай салт-жоралар тағы басқа да қорқыныштарды сейілтуге жәрдемдеседі.

Егер ештеңе көмектеспесе ше?

Егер сіз сонда да балаңызда қорқыныш сезімі әлі де сейілмегенін байқасаңыз, онда баланың қауіпсіздік сезімін қамтамасыз етуге көмектесетін отбасыңызда кейбір ережелер жетіспейтінін аңғартады. Болмаса, сіз соншалықты балаңыз туралы мазасызданып, барлығынан сақтандырып жүресіз, оған өз үрейіңізді көрсетесіз.

Сонымен қатар, егер үйде ата-ананың талабы өте жоғары болса да, бала онымен күресе алмайды, оны орындауға шамасы келмейді немесе бар шарқынша жасайды, дегенмен ол үнемі үрейде болады, дұрыс істей алмай қаламын ба деп қорқады. Қатаң бақылау, ереже-қағидалардың қатал жүйесі, ал бұдан артқа шегіну-кінәлау мен жазалауға апарады. Ал, бұндай тәрбиені бала өзіне деген қарым-қатынас деп түсінеді. Демек, ол егер берілген тапсырма, талапты дұрыс жасамасам, мені жазалайды, яғни мен ата-анамның сүйкімде де сүйікіті ұл-қызы емеспін. Мен оған лайық адам емеспін,-депойлайды. Осыдан барып, балада өзіне деген сенімділік жойылып, қорқақтық пен кез-келген нәрсеге алаңдаушылық, қобалжушылық, мазасыздық билеп жүреді.

Балаға айтылған әмірлі, өктем сөздер де әрдайым оны мазасызданып жүруге, қобалжушылыққа мәжбүр етеді. Ата-анамның көңілін таба алмай қаламын ба деп қорқады. Ол жасқаншақ, жасық болып кетеді. Оның ойында да белсенділігі төмендеп, оқу үлгерімі де нашарлап, іске де қабілеті жоғалады, қызығушылықтары жойылады.
Кез-келген бұлтартпау сөздер «Оны олай жасама!», «Аузыңды жап!», «Үніңді өшір!», Жылағаныңды қой, жетер!» деген сияқты сөздер баланың көңіл-күйін бұзып, соңында балада неге болса да қысылу, қымтырылу, қобалжулар жиналып, бала қорқақ, тәуелді, әрі өзіне сенімсіз болып қалады.

Керісінше, балаға ата-анадан позитивті қарым-қатынас қажет, жігерлендіру, қолдау әрдайым қажет. Бала өзінің әрбір қадамын ата-анасы қалай бағалайтынын түсінбей, әрі ата-анасының көңілі толмаушылығына алаңдап, ол әрқашан елегізіп, сақтықта, мазасыздықта жүретін тұлға болып қалыптасады. Сіз осыны қалайсыз ба?

Қорқақтық балада жайдан-жай, тосыннан пайда болмайды, ол қоршаған ортаның, ең әуелі отбасының, жақындарының ықпал жасауымен қалыптасады. Балаға әсіресе, жолы болмау, сәтсіздіктерден қорықпауды үйрету маңызды. Сәтсіздіктер болады, ол сынақ, оқып үйренуге көмектеседі, ең бастысы, ата-ана махаббаты баланың осы сәтсіздіктеріне байланысты ғана болмауы керек. Дәл осы ата-анасындағы сенімділік және балаға деген мейірімділік, махаббаты баланың қорқынышына төтеп бере алады және жойылуына көмектеседі.

Отбасы бақыты

Тағы да оқыңыз: