Kyzylorda-news.kz.  Арал ауданында орын алған қуаңшылық мəселесі ешкімді бей-жай қалдырмағаны белгілі.

Қиындықпен бетпе-бет келген аралдықтарға көршілес Байқоңыр өңірінің жанашыр жандары бірауыздан көмек қолын созып, өз қаражаттары есебінен Оңтүстік аймақтан 3 вагон (1вагон 800прес) жоңышқа шөбін жөнелткен болатын.

Байқоңырлықтардың аманаты бүгін ауданға қарасты Қамыстыбас станциясына жеткізілді. Қазіргі таңда қайырымдылық есебіндегі мал азығы Қосжар, Жетес би, Қамыстыбас ауылдарына тасымалданып, мал бағып отырған тұрмысы төмен отбасыларға таратылып берілуде. Қиын сəтте қолдау білдіріп жатқан жанашыр азаматтарға аудан жұртының айтар алғысы зор.

Тағы да оқыңыз: