Kyzylorda-news.kz. 2022 жылдың 3 ақпанына дейін Байқоңырда жарияланған террористік қауіптіліктің «көк» деңгейі бүгіннен бастап тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқоңыр қаласының терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгиннің шешімімен бұрын Байқоңыр аумағында белгіленген террористік қауіптіліктің жоғары («көк») деңгейі 2022 жылдың 24 қаңтары 24 сағат 00 минуттан бастап жойылды, делінген қала әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Құқық қорғау органдары қабылдаған шараларға байланысты Байқоңыр қаласының аумағында террористік қауіп жойылды», – делінген хабарламада. Бірақ Байқоңыр аумағында коронавирустың өршуіне байланысты карантин 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін сақталады.

Тағы да оқыңыз: