Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласында суға батып кеткен 13 жастағы қыз баланың денесі табылды.

Бұл оқиға 4 шілде күні болды. Сол күні қыз бала туыстарымен Сырдария жағасына демалуға келген.

«Оның денесін іздестіруге Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласында орналасқан төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылды. Сондай-ақ, Арал ауданынан судан құтқару қызметінің сүңгуір мамандары шақырылды. Қыз баланың денесі екі күннен кейін суға түскен жерден төрт шақырымдай қашықтықтан табылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылорда облысында суға кетудің 16 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 7-еуі бала.

Тағы да оқыңыз: