Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласының әкімшілігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына байланысты қатаң карантинге жабу туралы шешім қабылдады.

“Біз наурыз айында енгізілген шараларға оралу туралы шешім қабылдадық”,  – деді қаланың ресйелік әкімшілігінің басшысы Бусыгин.

Оның айтуынша, сол кездегі шаралар вирустың таралмауына көмектескен. Сондықтан 5 шілдеге дейін бұл шара қайта енгізіледі.

Тұрғындарға  тек таңғы алтыдан кешкі тоғызға дейін ғана шығуға болады.

Шаштараз, сұлулық салондары мен көлік жуу орындарының жұмыс уақыты шектеулі болады.

Тағы да оқыңыз: