Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күні еліміздің қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада айқындалған және қалдықтарды бөлектеп жинауды енгізуге, қайталама шикізаттан өнім ала отырып, қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін дамыту бағытында біршама жұмыстар атқарылуда.

Осы ретте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетімен автомобиль жолдарын салу және қалалық құрылыс кезінде жиналған өнеркәсіптік қалдықтардың санын анықтау және күл-қоқыс және басқа қалдықтарды пайдалану мәселесін мүдделі тараптармен пысықтау бағытында хаттамалық тапсырмалар берілген.
Осы бағытта, Департаментпен атқарылған іс шаралар нәтижесінде «Байқоңыр» кешеніндегі «Инфракос» ШЖҚ РМК кәсіпорынымен «Байқоңыр» кешеніндегі пайдаланылмайтын нысандарды кәдеге жарату барысында құрылыс қалдықтарын, бетондарды ұсақтау барысында қайталама шикізат ретінде пайдалануға жарайтын бетон-қиыршық тас қоспасы түзілуде.

Бүгінгі күні «Байқоңыр» кешеніндегі «Инфракос» ШЖҚ РМК кәсіпорыны құрылыс қалдықтарын кәдеге жарату барысында түзілген екінші рет шикізат ретінде пайдалануға жарайтын 30 мың тоннадан астам бетон-қиыршық тас қоспасын жол құрылысына төсеуге және басқада құрылысқа пайдаланатын кәсіпорындарға беруге дайын.

Осыған сәйкес, Департамент Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына және аудандық әкімдіктерге елді мекендердің жол құрылыстарын және басқада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жоғарыда аталған бетон-қиыршық тас қоспасын пайдалануға болатындығы туралы мәселесі көтеріліп, жергілікті атқарушы органдардың назарына ұсынылды.
Департаментпен алдағы уақыттада өнеркәсіптік қалдықтарды қайталама шикізат ретінде пайдалану бағытында тиісті іс-шаралар атқарылатын болады.

Тағы да оқыңыз: