Kyzylorda-news.kz. Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады.

Президентіміздің әрбір Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың біріне айналып келеді. Жолдауда қоғамдық-саяси, білім беру, медицина, кәсіпкерлік, өзге де маңызды салалардың барлығы жан-жақты қамтылған. Жолдаудың басты мақсаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, әл-ауқатын арттыру болып табылады.

Биылғы Жолдауда қоғамға ауыр тиіп отырған инфляция тақырыбы назардан тыс қалмады. Қазіргі таңда Ұлттық қор мен Үкіметті инфляцияны 6-4 пайыз дəлізіне қайтаруға міндеттеп, мәселенің нақты шешімін ортаға салды.

“Соңғы кезде мемлекеттік шығыс міндеттемелерін жабу үшін бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан алынатын трансферттің арту тенденциясы байқалуда. Үнемі мұндай жеңіл жолмен жүру мүмкін емес. Қаржылық тұрақтылық қоры шексіз емес. Бюджеттің кірісін арттыру бойынша шаралар қажет екені анық.
Бірақ, бірінші кезекте мемлекеттік шығындардың көлемі мен тиімділігіне бақылау керек. Ұлттық қор активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік ережені енгізуді жеделдету керек. Тиісті заңнамалық түзетулер жылдың соңына дейін қабылдануы қажет”, – деді Президент.

Жолдау – Тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуына жол ашатын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігіне бағытталып, нақты іс-жоспарға негізделген тарихи құжат.

Сондықтан, баршаңызды Президент Қ.К.Тоқаев ұсынған бастамаларды толық қолдай отырып, әрбір қазақстандықты Жолдауда қойылған міндеттерді ауызбіршілікпен тиімді іске асыруға шақырамын.

Бахытжан Жарылқап, Қазалы аудандық мәслихатының хатшысы.

Тағы да оқыңыз: