Kyzylorda-news.kz. Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды деген жаңалықты естіп куанып қалғанымыз рас. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында індеттің шарықтау шегінен өткенімізді айтты.

Алайда бұл пандемияның әлі де болса қауіпті екені, оның түбегейлі жойылмағаны көңілді алаңдатады. Сондықтан Президенттің тапсырмасына сәйкес, карантиндік шаралар әр өңірде әрқалай жалғасады.

Мемлекет басшысы отырыста елімізде көптеген тұрғындарға көмек көрсетіліп жатқанын, бұл алдағы күндері де жалғаса беретіндігін жеткізді.

Ешкім де назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Түркістан облысындағы апатқа байланысты да атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Шынын айту керек, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі мәлімдемесі көңілге сенім ұялатты.

«Сақтықта қорлық жоқ» демекші, әзірге кім-кімде болмасын сақтанып жүргені абзал. Себебі бұл індет әлі де таралуын тоқтатқан жоқ. Барлығымыз естп-біліп отырғандай, күн сайын науқастардың саны артып келеді. Дегенмен, барлығы жақын арада аяқталып, халық бұрынғыдай жайма-шуақ күндерге жетіп, өз істеріне бейқам кірісетін уақыт та жетер.

Президент бүгінгі Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында көптеген шектеулер алынып тасталғанын, біршама кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастап, саябақтар ашылағанын айтты.

Осы орайда, басты байлық денсаулық екенін ескеріп, сақтық шараларын естен шығармауға шақырамын. Күнделікті вирустарға қарсы құралдарды пайдаланып, өз денсаулығымызды өзіміз қадағалай білейік.

Бахытжан САЙЛЫБАЕВ,

облыстық қоғамдық кеңес төрағасы.

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры

Тағы да оқыңыз: