Kyzylorda-news.kz. 22 – 26 қараша аралығында Алматы қаласында «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» атты Х азаматтық форум өтті. Алғашқы үш күнде 30-дан астам пікірталас пен сараптама алаңдары ұйымдастырылған. Азаматтық форумның қорытындысы бойынша 10 бағытта 200-ге жуық ұсынымдар берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының «Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден мәлімдеді.

«Форум қарсаңында орталық мемлекеттік органдар басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен онлайн кездесуі өтті. Аталған жиында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің фейсбук парақшасында тікелей трансляция арқылы ұйымдастырылды. 22 – 24 қараша аралығындағы форумда ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ азаматтық белсенділерден 150 спикер қатысты. Сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарға арналған «Мониторинг және бағалау» атты оқу құралының тұсаукесері Орталық Азиядағы «Тенгизшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен жарық көрді. Жалпы азаматтық форумның қорытындысына келетін болсақ, 10 бағыт бойынша 200-ге жуық ұсынымдар берілді», – деді Анар Жарылқасынқызы.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда өңірімізде “Жастар ресурстық орталығында” аймақтық форум ұйымдастырылады. Онда 7 номинация бойынша марапат табысталады.

Тағы да оқыңыз: