Kyzylorda-news.kz. Қазақстан спортшылары Түркия елімінің Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатысып жатыр.

Халықаралық жарыста ел намысын 125 спортшы қорғап, жоғары нәтижелер көрсетуде.

Биылғы жылдың 14-15 тамыз күні өткізілген ауыр атлетикада Шиелі ауданының мақтанышы Айзада Мүптілда чемпион атанып, Бектай Асылжан қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Айзада Мүптілда +87 келі салмақта серпе көтеруден 116 келі, жұлқа көтеруден 150 келі көрсеткішпен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Қос сайыс қорытындысы бойынша 266 келіні бағындырған Айзада алдына жан салмай, чемпиондық тұғырға көтерілді.

Бектай Асылжан 89 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшыз жұлқа көтеруден 162 келі көтеріп, күміс еншілесе, серпе көтеруден 191 келі еңсеріп, қола иеленді. Қос сайыста 353 келі көтеріп жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Осылайша ауданның қос спортшысы өзге елде ел намысын қорғады.

Атап өтсек, қос спортшының Шиелі ауданындағы алғашқы жаттықтырушысы спорт саласының ардагері Тоқбаев Қалдыбай Махмұтұлы болатын.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның мәліметіне сәйкес, ауыр атлеттер Қазақстан құрамасы қоржынына 8 алтын, 15 күміс, 3 қола жүлде салды.

Тағы да оқыңыз: