Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында онлайн форматта барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталығы басшыларының жиныны өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында белгілеген мақсат-міндеттерді негізгі ала отырып, жұмыс жоспарын жасақтап, Президент жүктеген тапсырмаларды орындау барысы талқыланды.

Аудандық жастар ресурстық орталықтарының директорлары еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты аудан жастарының ахуалын баяндап, қазіргі таңда жағдайдың тұрақты екендігін жеткізді.

«Мемлекет басшысының «Ауылшаруашылығымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту керек» деген сөзін негізге ала отырып, аудан, ауыл жастарының еңбекке етене араласуына аса назар аудару қажеттігі ескертіліп, бірқатар тапсырмалар берілді. Бүгінгі күні еріктілік бағытының қоғамдағы орны мен мәртебесін қайта түсіндіруіміз қажет. Еріктілік – тек қайырымдылық, оның ішінде азық-түлікті үлестірумен шектеліп қалмауы тиіс. Бизнестегі еріктілік, құқықтық еріктілік және ЭКО-Волонтерлік бағыттарын жолға қоямыз», – деді Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Асқар Құрмаш.

Сондай-ақ, қазіргі таңда күн тәртібіндегі басты атқаратын жұмыс ол – NEET санатындағы жастармен жұмыс. Аталған жастарды анықтау жұмыстарының алғашқы кезеңі өз деңгейінде жүзеге асты. Облыс жастарының 38 пайызына адрестік жұмыстар жүргізілді. Екінші кезеңде 1 наурызға дейін облыс көлемінде адрестік жұмыстар өз жалғасын табады. Негізгі басымдық облыс орталығы мен аудан орталығының жастарына берілмек. Бұл бағыттағы жұмыстарды атқарып, дерекқорлар базасы жасақталғасын, жұмыстың үшінші кезеңіне көшеміз,- деді.

Сонымен қатар, жиналыста Мемлекет басшысы ерекше атап өткен жастар арасындағы әскерден жалтарған жастардың қызығушылығын арттыру мәселесі айтылып, бірнеше ұсыныстар мен идеялар ортаға салынып, талқыланды.

Кездесу соңында Асқар Шалқарұлы жастар ресурстық орталықтарының басшыларының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: