Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев бастаған үгіт-насихат тобы Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы «Азат Ет» кооперативінде болып, оның қатысушыларымен кездесті.

Іс-шара «Ауылдан ауылға» акциясы аясында өтті және Қазақстан Республикасындағы кооператив қозғалысын қолдауға бағытталған.

Әли Бектаевтың айтуынша, кооперативті ауылшаруашылық техникасымен жабдықтау ЖҚШ-дың (жеке қосалқы шаруашылық) жем-шөпке деген сұраныстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Малды бірлесіп ұстау және бордақылауды ұйымдастыру мал өсірудің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік береді және ауылдық аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға да оң әсерін тигізеді.⠀

«Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі кооператив қозғалысын жаңғырту бойынша партияның жұмысы жалғасады. Сонымен қатар, сайлауалды тұғырнамада өндірістік және тұтыну кооперативтерін ынталандыру тетіктерін жақсарту шаралары қарастырылған», -деді партия төрағасы.⠀

Ауыл тұрғындары мен «Азат Ет» кооперативінің қатысушылары одан әрі дамудың перспективалы бағыты ретінде 200 басқа арналған сүт-тауар фермасын құруды және активтерді кооператив балансына беру мүмкін деген ортақ пікірге келді. Бұл кооперативті капиталдандыруға және оның ұйымдық-құқықтық нысанын тұтынушыдан өндіріске ауыстыруға мүмкіндік береді. Өйткені, өнеркәсіптік сүт өндірісі ретінде қызметтің жаңа бағытының пайда болуы кооперативтің кірістілігін одан әрі арттырады.⠀

Айта кетейік, «Азат Ет»-те қолданылатын кооперация моделі Израильдің кибуцевті дамыту жөніндегі тәжірибесіне сай келеді, онда өндірістің негізгі қаржысы кооперативке, ал биологиялық активтері ауыл халқына тиесілі.⠀

Тағы да оқыңыз: