«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 800 жоба жүзеге асырылады – Kyzylorda News
Басты бет

«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 800 жоба жүзеге асырылады

24.01.2020, 11:45

382 0

Kyzylorda-news.kz. Үкімет басшысы Асқар Мамин биыл Қазақстандағы 190 ауылда жаңа стандарттарға сай көліктік, инженерлік жобалар жүзеге асырылатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл халқының өмір сапасын жақсарту үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 800 жоба жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бұл тұрғыда көліктік, инженерлік, әлеуметтік саладағы жобалар қолға алынады», – деді Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, алдағы 7 жылда 3,5 мың ауылдағы инфрақұрылымды дамытуға 900 млрд теңге жұмсалады.

0

Пікір қалдыру