Ауасы бәрінен таза жерді білесіз бе? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Ауасы бәрінен таза жерді білесіз бе?

06.06.2020, 13:00

311 0

Kyzylorda-news.kz. Мамандардың тұжырымын ДНҚ нәтижесі растады. Колорадо университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, планетадағы ауасы ең таза аймақты атады.

Ғылыми жаңалықтың жай-жапсарын Proceedings of the Natural Academy of Sciences журналынан оқуға болады.

Олардың айтуынша, Жер шарында адамның әрекетінен бастапқы қалпы бұзылмаған, бүлінбеген табиғат қалмаған. Десе де ғалымдар Антарктиданы қоршай орналасқан Тынық, Атлант және Үнді мұхитының оңтүстік бөліктері, бір сөзбен айтқанда, Оңтүстік мұхитта ауа саф күйінде дейді.

Бұл жорамалға көз жеткізу үшін сарапшылар Антарктида жағажайларына сапарлайды. Жолай ауа сынамасын алып, ондағы бактерияларды зерттеген. ДНҚ қорытындысы ғалымдардың пайымы қисынды деуге негіз болып отыр. 

«Хабар 24»

0

Пікір қалдыру