Kyzylorda-news.kz. 7 қазанда республиканың бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ертең түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Петропавлда ертең жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін.

7 қазанда тәулік бойы батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-бытыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

Ертең түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

7 қазанда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз 23 м/с жетіп, күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең Өскеменде көктайғақ болады. Батыстан,оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең Семейде көктайғақ болады. Батыстан,оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Тағы да оқыңыз: