Ауа райы: Шаңды дауыл болады – Kyzylorda News
Басты бет

Ауа райы: Шаңды дауыл болады

22.10.2021, 9:20

166 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атырау, Маңғыстау облыстары антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, күндіз Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтстігінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, облыстың солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болып, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында және солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с шаңды дауыл соғады.

0

Пікір қалдыру