Асылбек Шаменов кәсіпкерлермен меморандумға отырды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Асылбек Шаменов кәсіпкерлермен меморандумға отырды

15.09.2020, 18:20

95 0

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен аудан көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қажетті қорын қалыптастыру мен бағасын тұрақтандыру мақсатында жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізіліп, бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

«Карантин кезінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларын тұрақтандыру және өсуіне жол берілмеуі қатаң бақылауға алынып, азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілді. Қалыптасқан ахуал салдарынан тек кәсіпкерлік субъектілері ғана емес, сонымен қатар аудан тұрғындары да зардап шеккен. Сол себепті, аудан көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қажетті қорын қалыптастыру мен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу басты бағытымыз болып табылады», – деді аудан басшысы.

Кездесу барысында «Қара Бура Ата» ШҚ төрағасы Дастан Ержанов, ЖК «Айсұлтан» өкілі Ибраев Азамат, ЖК «Алихан» өкілі Құтыбаева Гүлназ, ЖК «Ақниет» өкілі Базарбай Еркін сынды жеке кәсіпкерлермен екі жақты меморандумдарға қол қойылды.

0

Пікір қалдыру