Kyzylorda-news.kz. Real Simple журналының мамандары үйде ас дайындау барысында қандай қате әрекеттер жиі жасалатынын айтты.

  1. Мақала авторларының айтуынша, тамақ дайындағанда жасайтын бірінші қате – бұл процедураны бастамас бұрын рецепті соңына дейін оқып шықпау екен. Ингредиенттерді дайындау және нұсқаулықты мұқият зерделеу – кез келген рецепт бойынша тағамдарды дұрыс дайындаудың маңызды талаптарының бірі.

2.Қуырғанда табаға шамадан тыс тағам салу екінші қате екенін айтады.

  1. Макарон өнімін дайындаған кездегі қате суда тұз жеткіліксіз болуы екен. Макарон суды сіңіреді, сондықтан пісіргенде оған тұз қосу керек.
  2. Тағы бір қателік – кептірілген немесе ескірген дәмдеуіштерді қолдану. Мақала авторлары кептірілген дәмдеуіштер уақыт өте келе хош иісін жоғалтатынын айтады. Аскөктер тағамның дәмін толығымен өзгерте алады, ал кептірілген шөп тағам дәмін өзгертпейді.
  3. Өтпейтін пышақты қолдану да қате. Пышақты үнемі қайрап отыру уақыт пен күшті үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар пісіру процесін қауіпсіз етуге көмектеседі.
  4. Ас үйде тамақ термометрінің болмауы да дұрыс емес. Мақала авторының айтуынша, бұл құрылғыны пайдалану – ет, құс еті немесе балықты дұрыс температурада дайындағаныңызға көз жеткізуге болады.
  5. Тағамды дайындағанда үнемі дәмін татып отыру керек. Белгілі бір тағамды пісіру уақыты мен қажетті ингредиенттердің мөлшерін реттеп отыру керек болады. Пісіру кезінде дәмін көру қажетті нәтижеге жету үшін өте маңызды.

Тағы да оқыңыз: