Kyzylorda-news.kz. Ashyq қосымшасының жұмысында тағы ақау шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Ashyq қосымшасын пайдаланушылар қазіргі уақытта мәртебені көрсетумен техникалық ақаулар байқалуда. Келтірілген уақытша ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!», – делінген хабарламада.

Ashyq қосымшсының баламалы нұсқасы – Aitu жүйесін қолдану ұсынылып отыр. Ол мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Еске салайық, Ashyq-та техникалық ақау осыдан бірнеше күн бұрын да болған еді. Ол кезде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов қазақстандықтарға уақытша Aitu жүйесін қолдана тұруды ұсынды.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бүгін, 22 мамырда жарияланған жаңа қаулысына сәйкес, Ashyq жобасы өңірлер бойынша кеңінен таратылып, оған қосылатын кәсіпкерлік нысандар қатары артатын болады.

Айта кетейік, бұдан былай Ashyq мобильдік қосымшасын смартфонға жүктемей-ақ, сервисті www.ashyq.kz сайтында пайдалануға болады. Сайтта – «Тексеруді онлайн өту» сілтемесін басу қажет. Мобильдік қосымшадағы секілді мұнда да ағымдағы мәртебені тексеруге, мекемеге кірерде qr-кодты сканерлеуге болады.

Қазір карантиндік шектеу шараларына қарамастан, Ashyq жобасына қосылған кәсіпкерлік нысандарға жұмысын қайта бастауға рұқсат етілген. Азаматтар Ashyq қосымшасы арқылы ғимаратқа кіреберістегі QR кодты сканерлеп, коронавирусқа қатысты өз мәртебесін көрсетуі тиіс. Мәртебесі «көк» және «жасыл» түсті азаматтарға ғана нысандарға кіруге рұқсат.

Тағы да оқыңыз: