Kyzylorda-news.kz.  Күні кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов бастаған делегация Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданына арнайы жұмыс сапармен барды.

Басты мақсат – көршілес ауданнан қуаңшылық жағдайына байланысты шабындық жерлер алу және шөп сатылымын тұрғындарға тиімді бағада ұйымдастыру.

Осы ретте Ырғыз ауданының шаруашылықтарымен арнайы кездесу өткізіліп, бірқатар шаруашылық төрағалары аралдық шаруларға шабындық жерлерін ұсынды. Жиын барысында Ырғыз ауданының әкімі Ә.Әуелбаев ауылы аралас, қойы қоралас Арал ауданындағы қуаңшылық мәселесіне өз алаңдаушылықтарын танытып, барлық көмек жасалатындығын жеткізді.

Сапар қорытындысымен Ырғыз ауданы, Жайсаңбай өңіріндегі шабындық жерлерде шөп шабу жұмысына ауданымыздан арнайы 14 бригада жұмылдырылатын болады.

Тағы да оқыңыз: