Аралдықтар «Волонтерлік десант» акциясына үн қосты – Kyzylorda News
Басты бет

Аралдықтар «Волонтерлік десант» акциясына үн қосты

13.01.2020, 12:00

497 0

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Волонтерлар жылы» деп жариялады.

Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу. Тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.

Бүгін осындай жақсылыққа жаны құмар бір топ аралдық еріктілер «Волонтерлік десант» акциясына үн қосып, қаладағы зейнеткер, жалғызбасты қарттардың ауласын қардан тазартып, үй шаруасына көмектерін көрсетті.

Біраз шаруаның басын қайырған еріктілерге қарттар да алғысын жаудырып, парасаттылық жолдан таймай, мерейлерінің үстем болуын тілесті.

0

Пікір қалдыру