Kyzylorda-news.kz. Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Сексеуіл кентіндегі Ұлы Отан соғысының ардагері Жанасов Талжан ақсақалдың отбасында болып, Президент Қ.К.Тоқаевтың құттықтауын табыстады.

Сондай-ақ, облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың мерекелік құттықтауын оқып берді.

Аудан басшысы сұрапыл соғыстағы майдангердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта келе, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Талжан Жанасов 18 жасында Кеңес әскері қатарына шақырылып, Ақмола қаласында бір ай дайындықтан өтіп, майдан шебіне жіберілген.

1942 жылдан бастап 1945 жылдың тамыз айына дейінгі мерзімде алдымен 1-Украина майданында, соңынан 4-Украина майданында жаяу әскер жауынгері болған.

Өз кезегінде Талжан ақсақал мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.

Тағы да оқыңыз: