Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында заңсыз қару сақтаған аудан тұрғыны анықталды.

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен қызмет атқару барысында 26 жастағы ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

Тағы да оқыңыз: