Аралда пробация есебіндегі азамат грант ұтып алды – Kyzylorda News
Басты бет

Аралда пробация есебіндегі азамат грант ұтып алды

21.07.2021, 18:00

455 0

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. Жыл басынан Арал аудандық пробация қызметінің   есебіндегі  2 азамат өз жеке кәсібін ашса, 3  азамат жеке кәсіп ашу үшін бір айлық курстан өтуде.

Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Ерболат Жарасовтың айтуынша есептегі  3 сотталған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын оқып жатыр. 

«Бұған дейін екі азамат  курсты толық аяқтап, бизнес жоспары қолдау тауып, мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, мал шаруашылығын ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Арал қаласы  әкімдігінің қаулысымен төрт  жұмыс орны квотасы белгіленген. Белгіленген квота бойынша есептегі екі  азамат  «Арал балық өңдеу зауытына», екеуі   «Арал Құрылысы» ЖШС-не жұмысшы ретінде   жұмысқа орналастырылды. Жуырда пробация есебіндегі бір азамат курсты толық аяқтап, мемлекеттен қайтарымсыз несие алу үшін бизнес-жоспарын құрып, құжаттарын дайындау үстінде»,- дейді әділет аға лейтенанты Ерболат Жарасов.

0

Пікір қалдыру