Kyzylorda-news.kz. Арал ауданындағы 49 елді мекеннің 38-і (78%) орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған.

ҚР Үкіметімен мақұлданған елді мекендерді 2023 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен жабдықтауды жүз пайыздық қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасына сәйкес, Арал ауданы бойынша барлық елді мекендерді ауыз су жүйесіне қосу жоспарланған.

Соған байланысты Шөміш, Қарашалаң елді мекендерімен Арал қаласындағы 1 мөлтек ауданы ауыз су жүйесіне қосылса, Осы жылы 6 елді мекенді (Қосаман, Ақбасты, Тоқабай, Абай, Көктем, Аққұлақ) қосу жоспарлануда.

Аудан әкімдігінің дерегінше 2017 жылдан бастап 1,2 млрд теңгеге Қосаман елді мекенінде орналасқан Арал – Сарбұлақ топтық су құбырының бас тоған ұңғымаларына күрделі жөндеу және 2020 жылдан бастап Бөген – Қарашалаң қосу тармағына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.

Тағы да оқыңыз: