Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күннің талабына сәйкес олқылықты болдырмау мақсатында Арал ауданының аумағындағы жолдарды жөндеу жұмыстары жүйелі қолға алынып келеді.

Аудан басшысы М.Оразбаев облыстық маңызы бар “Самара – Шымкент – Қамыстыбас – Аманөткел – Бөген” бағытындағы 9,1 шақырым (32,9-42 шқ) автокөлік жолын жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарын қолға алған мердігер компанияның өкілімен жүздесіп, жолдың бекітілген стандартқа сай сапалы болуын қадағалауды қатаң ескертті.

Атап өту керек, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы 2019 жылы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген аталмыш бағыттағы жолға биылғы жылы республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Бөлінген қаржыға сәйкес Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы тиісті хабарлама жарияланып, бүгінде қорытынды хаттама негізінде «Қазалы жолшы» ЖШС-гі жеңімпаз атанды.

Тағы да оқыңыз: