Kyzylorda-news.kz. Арал ауданына қарастыШижаға елді мекенінде мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында амбулатория құрылысын салу үшін дайындық жұмыстары басталды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Шижаға елді мекенінде болып, жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жауапты мамандарға құрылыстың сапалы жүргізілуін тапсырды.

Құрылыс жұмыстарын өткізілген конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған мердігер «Алемстрой-1» ЖШС жүргізеді.

Қазіргі таңда ғимарат салынатын орынның жері тегістеліп, қажетті материалдар тасымалдануда. Жақын арада амбулатория ғимаратының іргетасы қаланатын болады.

Тағы да оқыңыз: