**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Бүгін Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.** Аудан әкімі мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері халықтың құқықтық білімін арттыру, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты дамытуға үлес қосуына міндетті екенін атап өтті. Сонымен қатар биылғы жылдың екінші жартыжылдығында жоспар 108 пайызға орындалғанын айтты. > «Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, халықтың құқықтық білімін арттыру, бюджетке түсетін салық түсімдерін бақылау – мұның бәрі мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттері. Аудандық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда. Мәселен, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында жергілікті бюджеттің жоспары 108 пайызға орындалып, қазынаға 2 млрд. 438 млн. теңге түскен. Әрдайым абырой биігінен көрініп, ел игілігіне қызмет ете беретіндеріңізге сенемін», – деген аудан әкімі ауданның дамуы мен өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының одан әрі жақсаруына тигізген еңбектерін жоғары бағалайтынын айтып өтті. Кәсіби мерекеге орай аудандық кірістер басқармасының бірқатар қызметкерлеріне аудан әкімінің құттықтауы табысталды. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/fb_img_1660649029636.jpg)