Арал ауданында эпидахуал тұрақты – Kyzylorda News
Басты бет

Арал ауданында эпидахуал тұрақты

11.08.2020, 11:40

2889 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы Арал ауданына жұмыс сапарымен барды.

Алдымен Арал ауданаралық ауруханасының жұмысымен танысқан басқарма басшысы аурухананың қазіргі ахуалымен, оның ішінде провизорлық, инфекциялық стационар жұмыстарына қанықты.

210 төсек орынға арналған Арал ауданаралық ауруханасында 1440 қызметкер жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, 100 провизорлық төсек орын, 20 инфекциялық төсек орын ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда провизорлық стационарда 18 науқас ем алып жатса, инфекциялық стационарда ем алып жатқан науқас жоқ.

Эпидемиологиялық ахуал басталғалы бері провизорлық стационарда 225 науқас емделіп шықса, инфекциялық стационарда аудан бойынша 52 науқас емделіп шықты.
Ауруханада 9 ИВЛ аппараты, 33 кислородты концентраторы бар. Аурухана 2017 жылы жаңа типтік ғимаратқа көшкен.

Одан соң, басқарма басшысы Сабит Бексеитұлы Сексеуіл ауылдық ауруханасына да барды. 25 төсек орынға арналған Сексеуіл ауылдық ауруханасында 15 емдеу бөлімі, 10 балалар бөлімі бар. Одан бөлек 20 провизорлық орын ашылған.

40 қызметкер жұмыс жасайтын ауруханада айына 70 науқаска дейін жоспарлы және шұғыл емделіп шығады.
Эпидемиологиялық ахуал басталғалы бері провизорлық стационарда 60 науқас ем алып шықты. Ауылдық ауруханада 4 оттегі концентраторы бар.

Бүгінде Арал ауданында ахуал тұрақты. Кезекті жұмыс сапарымен жол тартқан басқарма басшысы ауданның ахуалды артта қалдырғаны, яғни коронавирус жұқтырып емделіп жатқан науқастың жоқтығы қуантарлық оң жайт екенін атап өтіп, дей тұрғанмен босаңсымай, алдағы уақытта індетпен күресте аянбай еңбек етуді тапсырды.

0

Пікір қалдыру