Ақзира Қасымова жаңа қызметке тағайындалды – Kyzylorda News
Басты бет

Ақзира Қасымова жаңа қызметке тағайындалды

13.05.2022, 18:26

5738 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы тағайындалды.

Ақзира Бақтыбайқызы 1979 жылы дүниеге келген. 2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін физика, қосымша математика пәндерінің мұғалімі, 2018 жылы Қаржы академиясын Экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы №15 Қызылорда қалалық гимназияның физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

2008-2012 ж.ж Қармақшы ауданындағы №185 орта мектептің директоры;

2012-2015 ж.ж Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейдің директоры;

2015-2017 ж.ж Қазалы ауданы білім бөлімінің басшысы;

2017-2020 ж.ж Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы;

2020 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Ақзира Бақтыбайқызы қаланың әлеуметтік, ішкі саясат, мәдениет және спорт салаларына жетекшілік ететін болады.