Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы «Әлеуметтік қамту» және «Өңірді дамыту» мәселелері жөнінде қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

Аталған кеңесте «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева төрағалық жасап, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының орындалуы бойынша ауылдық округтердегі жылыжай кешендері, партиялық жобалар аясындағы азаматтық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар, «Бұқаралық спорт үшін жағдай жасау» тармақтарының орындалуы және Жалағаш кенті бойынша тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардағы көгілдір отын пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары туралы тиісті сала мамандарының хабарламалары тыңдалды.

Аталған басқосуда күн тәртібіне сәйкес кеңес мүшелері тарапынан Жалағаш кентінің шет жатқан көшелеріне ойын алаңдарын салу, ойын алаңдарының тазалығына және арнайы спорт мамандарының жұмыс жасауын, газ құбыры тартылмаған тұрғын үйлерге газ тарту жұмыстарын жеделдету, қауіпсіздіктің алдын-алу мақсатында арнайы мамандардың тұрақты жұмыс жасауын қадағалау ұсыныстарын жеткізді.

Хабарламашыларға сұрақтар қойылып, кеңес мүшелері тарапынан берілген тиісті ұсыныстардың орындалуы партия назарында болатындығы жеткізілді.

Тағы да оқыңыз: