Kyzylorda-news.kz. Медицина саласы – жауап­кер­­шілігі мол, жүгі ауыр сала­лардың бірі. Сондықтан кез кел­ген адам біліктілік пен аса шыдамдылықты талап ететін жауапты мамандықты жоғары деңгейде меңгеру оңай емес екенін мойындайды.

Бұл саланың маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сол себепті дәрігерлер үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз сала­сында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс.

Осындай жауапты әрі білікті дәрігерлердің бірі, COVID-19 инфекциясына қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халатты абзал азамат– «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС, жан сақтау бөлімінің меңгерушісі, дәрігер анестезиолог реаниматолог Қуанышбаев Жасұлан Серікұлы.

Ерінбей еңбек етіп, өзіне де, еліне де зор пай­дасын тигізген ақ халатты абзал жан – өзгелерге үлгі етуге әбден лайықты еңбек адамы. Өз мамандығын жоғары деңгейде меңгерген азаматты жұртшылық «алтын қолды дәрігер» деп те атайды. Тіпті, тағдыр салған тауқыметтен енді құтылмаспын деп үмітін үзген жандардың өзін емдеп, дертін жазған білікті дәрігерді антына адал, абыройлы жан десек артық айтқандық емес.

“Мен ма­мандығыма жан дүниеммен бе­рілген адаммын. Мен үшін «ақ ха­латты абзал жан» деген елдің құр­метті атағы ең биік һәм қа­сиетті ұғым болып саналады. Бүкіл әлемді жайлаған індет біздің елден де айналып өтпеді. Дегенмен келген қиындықты қайыспай көтеріп, біліктілігіміз бен ауызбершілігіміздің арқасында бәрін жеңеміз. Қызмет барысындағы қиындықтар мен шаршағанамыз халық денсаулығының жанында түк те емес. Осы індетпен күресте қызмет етіп жатқан барлық сала қызметкерлеріне соның ішінде біздің дәрігерлерге көрсетеліп жатқан халықтың зор құрметін сезініп жатырмыз. Еңбегіміз еш кетпей бұрыңғы мамыражай қалпымызға оралсақ біз үшін қуаныш сол. Халық өз денсаулығын күтіп, сақтық шараларын сақтаса біз үшін үлкен қолдау, бізге зор көмек болар еді”, – дейді Жасұлан Қуанышбаев.

Тағы да оқыңыз: