Kyzylorda-news.kz. Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кетті.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, Жетісу шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен 28 жастағы әйел үш баласымен секіріп кеткен. Балалар 2015, 2016 және 2019 жылы туған.

“Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайын анықтау үшін Алматы қалалық ІІД-де жедел-тергеу тобы құрылды”, – деді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тағы да оқыңыз: