Kyzylorda-news.kz. «ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің жұмыс сапары Шығыс Қазақстан облысында жалғасты.

Кездесудің біреуін Шығыс Қазақстан облысының Приречное ауылында үміткер Алмасбек Садырбаев «Агрофирма «Приречное» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Ол партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді және кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдады.

Кездесуге қатысушыларды, әсіресе, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бағдарламаның міндеттері қызықтырды.

Кәсіпорын қызметкерлері бизнестің дамуын жеңілдететін жаңа жағдайлар жасауды ұсынды.

«Бизнесті қолдау арқылы біз ұлттық экономиканың дамуына үлес қосамыз. Партия кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа шараларын енгізуді қолдайды. Атап айтқанда, біз 2025 жылға дейін салықты арттыруға мораторий жариялауды ұсынамыз. Бағдарламада ауылшаруашылық техникасын лизингке алу шаралары 6%-бен көрсетілді», -деді Алмасбек Садырбаев.

Оның айтуынша, бағдарламада фермерлерді 2% -бен шағын несие беру арқылы қолдау қажет деп атап көрсетілген. АӨК субъектілерінің ынтымақтастығының арқасында өндірісті 20% -ға арттыру. Жаңа технологияларды енгізуді ынталандыру және субсидиялау арқылы шығындарды азайту.

Тағы да оқыңыз: