Kyzylorda-newz.kz. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 3-5 қараша аралығында солтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы шығыс Еуропа аймағынан келетін антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен негізінен күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Алғашқы күндері елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Тағы да оқыңыз: