Kyzylorda-news.kz. Алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы да ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

«11 маусымға қарай республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, ал батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз 20-28 градусқа дейін біртіндеп төмендейтін солтүстік облыстарды қоспағанда, температуралық фонның елеулі өзгерістері болмайды», – делінген синоптиктер болжамында.

Тағы да оқыңыз: