Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 23-25 желтоқсан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанға жауын-шашын әкеледі, сондай-ақ ауа температурасы көтеріледі.

Алайда қазір батыстан антициклон жылжып келеді. Ол елдің батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді. Мұнда түнде 20-28 градус аяз болады.

Республикамыздың оңтүстік облыстарына Өзбекстан аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды. Оның әсерінен жаңбыр жауады.

Осылайша оңтүстікте желтоқсан айы үшін өте жоғары температура сақталады.

Тағы да оқыңыз: