Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай жарқылдайды.

30-31 шілде аралығында – шығыста, 31 шілдеде – оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

«Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болмақ. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градусқа, солтүстік пен шығыста 23-33 градусқа, орталықта 25-37 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: