Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 5-7 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

Қазгидрометтің хабарлауынша алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы сақталады.

Тек еліміздің батыс, солтүстік-батыс өңірлерінде жаңбыр жауады, сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Ал республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, жаңбыр жаумайды, күн ашық болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Тағы да оқыңыз: