Kyzylorda-news.kz Қазгидромет 9-11 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

Болжамға сәйкес, солтүстікте, солтүстік-шығыста, шығыста  жаңбыр жауады. Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашын болмайды.

10 қыркүйектен бастап Солтүстік циклонның Қазақстан аумағына ығысуына орай, еліміздің басым бөлігінде, таулы аудандарда және оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердің солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Түнде +3…+11°C-тан +5…+15°C-қа дейін, күндіз +15…+23°C-тан +20…+28°C-қа дейін көтеріледі.

Солтүстік пен орталықта түнде +2…+13°C болады, 9 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +15…+23°C-тан +10…+20°C-қа дейін төмендейді.

Шығыста негізгі фон түнде +2…+16°C-қа, күндіз +15…+25°C-қа, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде +10…+18°C-тан +4…+14°C-қа дейін, күндіз +19…+30°C-тан +15…+25°C-қа дейін төмендейді.

Тағы да оқыңыз: