Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 13-15 шілде аралығында күн суытады, деп хабарлады Қазгидромет.

Мамандардың ақпаратына сәйкес, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел тұрады.

Батыста ауа температурасы түнде +12…+22℃, күндіз +25…+35℃ болады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7…+20℃, күндіз +12…+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +8…+20℃, күндіз +15…+28℃ болады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде температура +12…+23°С, күндіз +25…+32°С болады.

Алматыда 13 шілдеде күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +32℃, түнде +19℃ көрсетіп тұр.

14 шілдеде көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз + 30℃ жылы, түнде – 18℃. Желдің жылдамдығы секундына 13 метрге жетеді.

Қалада 15 шілдеде күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз +30℃ жылы болады, кешке ауа температурасы +18 градусты көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 13 шілдеде көшпелі бұлт шығады, ауа температурасы күндіз +17℃, түнде +11℃ болады. Желдің жылдамдығы 13 м/с-ке жетеді. Ал 14 шілдеде күн бұлтты болады, күндіз +13℃, түнде +10℃ жылы болады.

Елордада 15 шілдеде күн бұлтты болып, аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы +18℃, түнде +10℃ болады. Желдің жылдамдығы – 16м/с.

Шымкентте 13 шілдеде күн алабұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +32℃, түнде +22℃ болады. 14 шілдеде күн ашық, ауа температурасы күндіз – 31℃, түнде – 20℃.

15 шілдеде күн ашық болады, ауа температурасы күндіз +32℃, түнде +15℃-ты көрсетеді.

Тағы да оқыңыз: