Kyzylorda-news.kz. Сәуір айының басында еліміздің әр аумағында ауа райы әртүрлі болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Бастапқыда Қазақстанның шығыс жартысында антициклонға байланысты ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

Батыс аймақтарға солтүстіктен және оңтүстіктен екі циклон әсер ете бастайды, олар кейінірек біріктіріліп, елдің басым бөлігінде ауа-райын анықтайды. Нәтижесінде оңтүстікте және оңтүстік-шығыста негізінен жаңбыр түрінде, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады.

Елдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста – найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі.

Тағы да оқыңыз: