Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 16-18 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 16 маусымда ҚР шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінің тұрғындарын, нағыз жазғы ауа райы қуантады. Күндізгі ауа температурасы біртіндеп 25-30 жылуға дейін, ал Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 жылуға дейін көтеріледі.

Тағы да оқыңыз: