Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады? – Kyzylorda News
Басты бет

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

19.08.2022, 15:00

213 0

Kyzylorda-news.kz. Алдағы тәулікте республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсері сақталады, ауарайы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай соғады деп болжанады

Қазақстанның солтүстігінде және шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде 2°С үсік жүреді, тұман түседі. Ал батыста ауа райы жауын-шашынсыз.

«Бұл аймақтарда күн сәулесі біртіндеп ауаны жылытады, ауа температурасы аздап көтеріледі деп болжанып отыр. Ауа температурасы батыста түнде + 12 + 22-ден +15+25С-қа дейін, күндіз + 27+35-тен +30+38С-қа дейін көтеріледі», – дейді синоптиктер.

Ал республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде + 1+10С, күндіз +13+23, оңтүстікте түнде +8+18 градус жылы, күндіз +20+28-ден +23+30С-қа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +5+13, күндіз +17+25-тен +13+23С-қа дейін көтеріледі.