Kyzylorda-news.kz. Республикамыздың атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 4-6 маусым күндері республиканың барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің мәліметінше, 5 маусымда жаңбыр болжанады, республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Дегенмен, термометр бағанында ерекше өзгерістер күтілмейді: батыста 22-33 градус жылы, оңтүстік-батыста 29-37 градус жылы болса, солтүстік-батыста 15-25-тен 20-33-ке дейін жылы болады. 

Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометрлер 15-26 градусқа дейін көтеріледі. Ал республиканың оңтүстігінде 27-37 градус жылы. Қазақстанның оңтүстік-шығысында 22-32 градус жылы болады.

Тағы да оқыңыз: