Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазгидромет мамандарының болжауынша, Қазақстанның батысында қатты жауын-шашын болады. Қалған өңірлерде ауа-райы құбылмалы. Кей жерлерде қатты қар жауып, көктайғақ болады деп күтілуде. 

Солтүстік-батыста антициклон әсерін тигізуді жалғастырады. Циклон Скандинавия түбегінің аудандарынан елдің тек батыс аймақтарына ауыса бастайды, ол жауын-шашын әкеледі. Кейбір аудандарда жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын, кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын, сондай-ақ ауа температурасы аздап көтеріледі.

Республика аумағының кей жерлерінде жел күшейеді.

Тағы да оқыңыз: